Каратэші Гузалия Гафурова Қазақстан қоржынына Азиададағы 28-ші «алтынды» салды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Каратэші Гузалия Гафурова Қазақстан үшін Азия ойындарындағы 28-ші алтынды ұтып алды, деп жазады sports.kz.

Бүгін Азиадада каратэшілер сынының екінші күні өтуде.

Қазақстандық Гузалия Гафурова Гуанчжоу ойындарындағы қола жүлдегерін, 2011 жылғы Азия чемпионатының күміс жүлдегерін, Белградтағы ӘЧ қола жүлдегерін жеңіп, Азиада чемпионы атанды.

Гузалия ширек финалда Азияның вице-чемпионы ( 2012 ж.) ирандық Пегах Зангенехкаркутиді (5:2), жартылай финалда Малайзиялық Шри Шармини Сегаранды (2:0) жеңді.

Қазақстан осымен 28-ші алтынды ұтты (барлығы 81).