Каратэші Халид Халидов Гуанчжоудағы Азиадада қола жүлдеге ие болды

БЕЙЖІҢ-ГУАНЧЖОУ. 24 қараша. ҚазАқпарат /Руслан Сүлейменов/ - Бүгін Гуанчжоуда өтіп жатқан ХVІ Азия ойындарында қазақстандық Халид Халидов қола жүлдеге ие болды.

Каратэден өткізілген сайыстарда біздің отандасымыз құраманың қоржынына тағы бір қола жүлде әкелді.

Қазақстан құрамасы 9 орында келеді. Оның активінде 49 марапат бар. Олар: 7 алтын, 17 күміс және 28 қола медаль. Қытай оқ бойы алда келе жатыр, ол 337 медальға, оның ішінде 167 алтынға ие. Екінші және үшінші орындарда Оңтүстік Корея (200-67) мен Жапония (170-35) командалары.