Қаратөбе ауданында жаңа малдәрігерлік зертхана ашылды - БҚО
20:57, 05 Желтоқсан 2012
ОРАЛ. 5 желтоқсан. ҚазАқпарат - Қаратөбе ауданында жаңа малдәрігерлік зертхана пайдалануға берілді.
Шараның ашылу салтанатына қатысқан Қаратөбе ауданының әкімі Наурызбай Қарағойшин, ҚР АШМ ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық инспекциясының бастығы Серік Қанатбаев, облыстық малдәрігерлік зертханасы директорының орынбасары Нұрсұлу Жұбаева Елбасының сындарлы саясатының арқасында елімізде жүргізілген жұмыстардың нәтижесі туралы әңгімелеп, қаратөбеліктерді үлгі жобадағы жаңа зертхананың ашылуымен құттықтады.
Мал шаруашылығымен айналысатын аудан үшін орны бөлек, маңызы зор нысанның құрылысын «Әлім» ЖШС жүргізген.