ЖЕЗҚАЗҒАН. KAZINFORM — Бүгін Қаражал қаласында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында жастар арасында интеллектуалдық ойын ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында қатысушылар экология, қоршаған ортаны қорғау және табиғатты аялау тақырыптарындағы түрлі сұрақтарға жауап беріп, өз білімдері мен логикалық ойлау қабілеттерін сынады.
Командалар белсенділік танытып, тапқырлық пен ұйымшылдықтың жарқын үлгісін көрсетті.
Мұндай іс-шаралар жастардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға, табиғатқа жанашырлықпен қарауға және қоршаған ортаға деген жауапкершілікті арттыруға ықпал етеді.
Еске салайық, бұған дейін Жетісу облысында ECORace экологиялық акциясы өткізілгенін хабарлаған едік.
Мейірман Лес
Еуразия ұлттық және Қазақ ұлттық университеттерін бітірген. Республикалық "Ұлан" газетінде, Baribar.kz, Holanews.kz, Zakon.kz, Tengrinews.kz, Massaget.kz, Ulysmedia.kz порталдарында журналист, продюсер, шығарушы/шеф/бас редактор қызметтерін атқарған. 2025-2026 жылдары Kazinform агенттігінің Алматыдағы меншікті тілшісі болып еңбек етті, қазір қазақ редакциясының шығарушы редакторы.