Қаражал сотының төрағасы жол апатына ұшырады - Қарағанды облысы
11:41, 22 Сәуір 2013
ҚАРАҒАНДЫ. 22 сәуір. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында өткен демалыс күндері «Алматы-Екатеринбор» тас жолында болған жол-көлік апатында Қаражал қалалық сотының төрағасы зардап шекті.
Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарланды.
Тәртіп сақшыларының мәліметіне сүйенсек, апат 20 сәуір күні Шет ауданындағы Ақсу-Аюлы ауылынан 50 шақырым жерде, «Алматы-Екатеринбор» тас жолында болған.
««БМВ-525» көлігінің жүргізушісі, Ақсу-Аюлы ауылының 53 жастағы тұрғыны басқару тетігіне ие бола алмай, темір тұлпар аударылған. Салдарынан екі жолаушы - Қаражар қаласының 45 жастағы тұрғыны қалалық соттың төрағасы және Қарағанды қаласының жұмыссыз 46 жастағы тұрғыны жапа шекті»,- деп көрсетілген баспасөз парағында.
Зардап шеккендер Шет аудандық ауруханасына жеткізілді.