Қаражалда республикалық айтыс өтеді - Қарағанды
06:51, 23 Қараша 2018
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - 29 қарашада Қаражал қаласында республикалық айтыс өтеді. Оған Қарағанды, Семей, Алматы, Қызылорда, Қаражал қалалары, Шет және Жаңаарқа аудандарының ақындары қатысады, деп хабарлайды өңір басшысының ресми сайты.
«Айтыс «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде Қаражал қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылады. Оған 8 ақын қатысады. Қазылар алқасының төрағасы Астанадан келетін Аманжол Әлтаев болады», - дейді Қаражал қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің бас маманы Манара Жекемекова.
Айтыс «Жомарт жүрек» сыйлығын табыс ету марапатына орайластырылған. Ақындар сайысының бірінші кезеңі таңертең, ал ақтық сайыс пен марапаттау салтанаты кешкі 17.00-де өтеді.