Бұл туралы акционерлік қоғамның баспасөз қызметі хабарлады.
Он күн бойы Қаражанбас кен орнында стол теннисі, волейбол, кір тасын көтеру, арқан тарту, шағын футбол мен бильярдтан турнирлер өтті.
Жарыстарға «Қаражанбасмұнай» АҚ жұмысшылары ғана емес, сонымен қатар «ТұлпарМұнайСервис» ЖШС мен «АрғымақТрансСервис» ЖШС секілді мердігерлік компаниялар да қатысты. Шағын футболдан өткізілген жолдастық матчқа Қаламқас мұнайшылары да белсенді араласты.
Жарыстардың шымылдығын «Қаражанбасмұнай» АҚ вице-президенті Қайырбек Елеусінов ашты.