АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Коннектикут штатының тұрғыны қарбызды агрессивті турағаны үшін тұтқынға алынды. Оның үстінен жергілікті тұрғын полицияға шағын жазған, деп хабарлады шетелдік БАҚ.
Бастапқыда әйел көршісінің үстінен полицияға оны құрал-сайманға арналған жәшікте есірткі сақтап отыр деп арызданған көрінеді. Осыдан кейін күдікті әйелдің үйіне келіп, қолындағы қарбызын үн-түнсіз кесе бастаған. Әйелдің айтуынша, көршісі осы әрекеті арқылы оны қорқытпақшы болған. Осылайша, қатер төндіру әрі қоғамдық тәртіпті бұзу айыбымен тұтқынға алынған азамат 500 доллар кепіл беріп ғана бостандыққа шықты
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.