Алдындағы үлкен қарбызды қабығымен жеп, матч тамашалап отырған бала бейнекамераға түсіп қалады. Ғаламторға жарияланған видеоның арқасында бала әп-сәтте жұлдызға айналып шыға келді.
Шамасы, оған әкесі «қарбызды түгелдей тауыспай чипсы жемейсің» деген болса керек. Енді бірқатар телеарналар баланы өз бағдарламаларына қатысуға шақырып жатыр.