Қарбызды қалай таңдау керек – мамандар кеңесі

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы Қоғамдық денсаулықты нығайту орталығының бас маманы Ботагөз Толтаева қарбыз таңдау бойынша кеңестерімен бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ең алдымен, нағыз табиғи піскен қарбыз алу үшін тамыздың ортасынадейін күту керек. Маусым айында сатылатын қарбыздар нитратпен үлкейтілген болуымүмкін. Ағзаға түскен нитрат салдарынан оттегінің жетіспеуі, улану,асқазан-ішек жұмысының бұзылуы, тіпті ауруханаға түсуі мүмкін. Әсіресе,балаларға мұндай қарбыздар қауіпті», - деді Б. Толтаева.

Оның айтуынша, піскен қарбызды сыртқы түрінен анықтауға болады.

«Қарбыздың сырты жылтыр, жолақтары қанық жасыл және ақшыл, қабығыезілмеген, зақымданбаған болуы тиіс. Жақсы қарбыздың пішіні шар тәріздес,сабағы сарғыш және қураған, шамамен 6-10 келі аралығында болады. Егер қарбызда сарғыш дақ көп босла, күнтүспей, жерде жатқанын білдіреді. Күн сәулесі мен жылудың жетіспеуінен қарбыздәмсіз болуы мүмкін», - деді маман.

Қарбыздың іші тегіс әрі алқызыл болса, нитрат қосылды деген сөз. Табиғижеміс тым қызыл болмауы тиіс. Піспеген қарбызды қаққанда құмығыңқы дыбысшығады. Бұл – қарбыздың шикі әрі суы көп екенін білдіреді.

Сонымен бірге, Б. Толтаева қауындардың ерекшелігі жөнінде әңгімеледі.

«Қауынның түрі өте көп. Барлығына ортақ бір кеңес – ұрылған, жарылғанжері болмауы керек. Піскен қауынды қабығынан байқауға болады. Түсі біртегіс,иісі аңқыған болады. Қауын сыртындағы жасыл жолақтар шикі жемістің де белгісіболуы мүмкін. Піскен қауынды қаққанда қатаң, тұйық дыбыс шығуы керек. Оныңсабағы құрғақ, жуан болуы керек. Егер сабақ жасыл болса, жеміс піспеген.Сабаққа қарама-қарсы қауын тұмсығы тым жұмсақ болса, қатты пісіп кеткен, ал жасыл болса – шикі.Жылтыраған қабық ағзаға зиян балауыздардың қолданылғанын білдіреді», - деді Б.Толтаева.

Соңғы жаңалықтар