Кардиналдар конклав алдындағы соңғы кездесулерді аяқтады

Фото: Фото: x.com/VaticanNews

АСТАНА. KAZINFORM — Сәрсенбі күні Сикстин капелласында Рим-католик шіркеуінің жаңа басшысын жабық түрде сайлау басталады, деп хабарлайды Euronews.

Кардиналдар 21 сәуірде 88 жасында қайтыс болған Рим Папасы Францисктің орнына жаңа понтификті анықтау мақсатында Ватиканда конклав алдындағы кездесулерін аяқтады.

70 елден келген 133 кардинал-сайлаушы алдарында Католик шіркеуі алғашқы азиялық немесе африкалық понтификті ала ма, ол консерватор немесе прогресшіл бола ма мәселесі ғана тұрған жоқ деген біртұтас пікірде.

Олардың айтуынша, басты міндет — әрі шіркеуші, әрі ұстаз және шіркеуді біріктіріп, бейбітшілікті уағыздай алатын адамды табу дейді.

— Бізге супермен керек! — деді 67 жастағы Сингапур архиепископы кардинал Уильям Го Сен Че.

Кардиналдар сейсенбіде конклавқа дейінгі кеңестің соңғы күнін өткізді, оның барысында Рим Папасы Францисктің сақинасы мен ресми мөрі оның понтификаты келесі адамға өтудің соңғы ресми рәсімдерінің бірінде жойылды. 

Кардиналдар жаңа Папаны сайлау процесіне сәрсенбі күні түстен кейін Сикстин капелласында конклав басталып, алғашқы дауыстар берілген кезде кіріседі. 

Рим Папасы қалай сайланатынын осы материалдан оқи аласыз.