«Кардитонус» препаратының квотамен берілетіні туралы ақпарат жалған - ДСМ

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Гипертониктерге арналған жеңілдікпен берілетін «Кардитонус» препараттының квотасы туралы ақпарат жалған. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі осылай мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«ҚР Денсаулықсақтау министрлігі кейбір веб-сайттарда және интернет-порталдарда таратылатынҚР Денсаулық сақтау министрлігінің гипертонияны емдеу үшін жеңілдікпенберілетін препаратты тарату үшін Қазақстанның 30 жастан асқан барлықазаматтарына квота бөлуге міндеттейтін үшінші оқылымда заңды қабылдау туралыақпарат жалған болып табылады және шындыққа жанаспайды деп хабарлайды. Бұлақпарат белгісіз дерек көзінен таратылған әрі жалған болып табылады», делінген министрліктіңбаспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Министрліктіңмәлімдеуінше, жалған ақпаратта «Кардитонус» препараты туралы айтылады.

«Осылайша, материалосы препаратты кеңінен жарнамалау ойымен дайындалған деп пайымдаймыз. Бұлпрепараттың жарнамасына Денсаулық сақтау министрлігінің де, министр ЕлжанБіртановтың да ешқандай қатысы жоқ. Тиісінше, материалда көрсетілген барлықмәліметтер мен министрдің дәйексөздері жалған болып табылады. Ведомство басшысымұндай түсініктеме берген жоқ», деп атап өтті министрлік.

Өз кезегіндеведомство халықтың дәрілік заттарға қолжетімділігін қамтамасыз ету бойыншажоспарлы жұмыс жүргізіп жатқанын еске салды. Айта кетерлігі, клиникалық тиімділігідәлелденген барлық дәрілер Қазақстандық ұлттық дәрілік формулярға енгізілген,ол мына сілтемеде қолжетімді. Сондай-ақ, ҚР Денсаулық сақтауминистрлігінің қызметіне қатысты барлық нақты ақпарат, оның ішіндехалықты дәрілік заттармен қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс бөлігі бойынша мәліметтер ресми сайтта орналастырылған.

Соңғы жаңалықтар