Алматыда қар 12 қаңтарға қараған түні жауды. Қар жамылғысыны биіктігі 10 см, таулы аудандарда - 20 см.
«Көктайғақ туралы ескерту мақсатында кеше кешкісін 155 құм шашатын көлік кезекшілікке шықты. Қар жауған кезеңде 2450 тонна көктайғаққа қарсы материалдар пайдаланылды», - делінген басқарма хабарламасында.
Коммуналдық қызметтер тасжолдар мен тротуарларды тазалап жатыр. Ол үшін 556 арнайы техника, 845 адам тартылды.