Карел Готт 42-ші рет Чехияның үздік әншісі атанды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Карел Готт 42-ші рет Чехияның жыл ішіндегі үздік эстрада әншісі атанды.

«Чех бұлбұлы» ұлттық марапатын салтанатты табыстау рәсімі Прагадағы «Карлин музыка театрында» сенбі күні кешқұрым өтті, деп хабарлайды ТАСС.

«Мен бұл жолы осындай жақсы нәтижеге қол жеткіземін деп ойламадым, - деп мәлімдеді әнші салтанатты рәсімде. - Маған тағы бір мүмкіндік бергені үшін Аллаға алғысым шексіз».

2017 жылдың 14 шілдесінде 78 жасқа толған Готт жақында онкологиялық ауруға шалдыққан еді. Соған қарамастан ол өзінің суретшілік қырын да ашып жатыр. Оның картиналарының көрмесі соңғы уақытта Прагада және Чехияның басқа да қалаларында өтті.