«Қызылорда облысының әкімдігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: «РУ-6» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне осы қаулының 1-тармағында көрсетілген жер учаскесінің уран өндіру үшін берілуін, уран өндіру жұмыстары аяқталғаннан кейін бүлінген жер учаскелеріне рекультивация жүргізіліп, 2040 жылы көрсетілген жер учаскесінің қаумал құрамына қайтарылуын қамтамасыз етсін», - делінген Премьер-Министр Әлихан Смайылов қол қойған Үкімет қаулысында.
Демек, уран өндірумен айналысатын серіктестікке Қызылорда облысы аумағында орналасқан Қарғалы шағын табиғи қорығының жері 17 жылға беріледі.
Үкімет қаулысы қол қойған күннен, атап айтқанда 19 шілдеден күшіне енді.