«Алматы облысындағы гидропостар күшейтілген режімде жұмыс жасауда. Қарғалы өзенінде жаңа сел болу қаупі жоқ, делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, төтенше оқиға 23 шілде күні түнгі сағат 03:00 шамасында орын алып, көлдегі бөгеттің бұзылуынан 40 мың текше метр су асқан. Тасқын су Қарғалы өзеніне құйып, одан асқан су Алматы қаласының үш ауданын ішінара басып өтті. Соның ішінде Наурызбай ауданы сел тасқынынан көбірек жапа шегіп отыр. Сонымен бірге Қарғалы өзені бөгеті маңынан 1036 адам қауіпсіз жерге шығарылды.