«Кариб теңізі қарақшыларының» жұлдызы Сирияда лаңкестермен соғысуда

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Кариб теңізінің қарақшылары» фильміндегі рөлімен танымал британдық актер Майкл Энрайт ДАИШ содырларымен күресу үшін күрд армиясы жасақтарына қосылды, деп хабарлады Вести.ру.

Сирия аумағындағы соғыс қимылдарына ол бір ай бойы қатысуда. «Бұл жұмыс - мен бұған дейін айналысқан істерімдегі ең маңыздысы», - дейді ол.

Reflex басылымының хабарлауынша, бұл Энрайттың Сирияда алғашқы болуы емес, актер мұнда 2015 жылы да болған. Желіден исламшыл содырлар иордандық әскери ұшқышты тірілей отқа салып, онымен камерада бірге отырған жапондық журналист Кэндзи Готоның басын алғанын көрген  Энрайт лаңкестермен күреске шығуға бел байлады және күрдстандық «Халықтық өзін-өзі қорғау жасағы» жауынгерлеріне қосылды. Актер басқаларды да қолдарына қару алып, күрдстандық жасақшыларға қосылуға шақырады.

Оның бұл әекетін бұрынғы американдық сарбаз  Джордан  Мэтскон қолдамайды.

Актер Сирияға ешқандай әскери тәжірибесінсіз келгенін, өзін бұл ойынан қайтармауы үшін анасы мен қарындасына де хабарламағанын айтады.