Кариб теңізінде паром өртеніп, 500 адам құтқарылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Кариб теңізінде, Пуэрто-Рико жағалауында паром өртеніп, 500 адам эвакуацияланды, деп хабарлады ВВС агенттігі.

Кеме Сан-Хуан қаласынан екі миль қашықтықта болған. АҚШ жағалау күзеті 500 адамды эвакуациялады. Оқиғадан ешкім зардап шекпеген.
Өрт себебі әлі анықталған жоқ.