АСТАНА. ҚазАқпарат - Франция құрамасы және Испанияның «Реал Мадрид» клубының шабуылшысы Карим Бензема алған жарақатынан толықтай айықты. Ол құрама сапына қосылуы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Marca басылымының хабарлауынша, ол алған жарақатынан толықтай айыққан.
Ешқандай шектеусіз жалпы топта жаттығады. 36-жастағы футболшы Франция құрамасының 2022 жылғы әлем чемпионатына қатысатын құрамына енгізілген.
Дегенмен алған жарақатына байланысты құрамадан кетіп, Испанияға қайта оралған еді.
Мамандар оның Қатардағы доп додасының аяқ шеніне қарай алған жарақатынан айығуы мүмкін екенін айтқан болатын.
Испаниялық басылым Карим Бенземаның 4 желтоқсандағы Франция құрамасының 1/8 финалдағы Польшаға (3:1) қарсы ойынға толықтай дайын болғанын айтады.
Айта кетсек, Франция құрамасы 14 желтоқсанда жартылай финалда Мароккомен кездеседі.
Еске салсақ, Марокко – әлем чемпионатының 1/2 финалына шыққан алғашқы африкалық құрама.
Фото: championat.com
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.