НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Испанияның «Реал Мадрид» және Франция құрамасының шабуылшысы Карим Бензема UEFA нұсқасы бойынша өткен маусымның үздік ойыншысы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Француз шабуылшысы аталған марапатқа UEFA Чемпиондар лигасы топтық кезеңі жеребесінің тартылу рәсімінен кейін ие болды.
Биыл аталған атаққа «Реал Мадрид» және Бельгия құрамасының қақпашысы Тибо Куртуа, Англияның «Манчестер Сити» және Бельгия құрамасының жартылай қорғаушысы Кевин Де Брёйне үміткер болған еді.
Өткен маусымда Карим Бензема мадридтік клуб құрамында Чемпиондар лигасы мен Испания чемпионатын жеңіп алды.
Сондай-ақ, аталған салтанатты шарада үздік бапкер атағына «Реал Мадрид» клубына жетекшілік ететін Карло Анчелотти ие болды.
Фото: Getty Images
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.