Кәрім Қажымқанұлы ең қиын кезеңде, дағдарыс жылдарында іскерлік танытты - Б.Смайылов

АНА. 8 сәуір. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Кәрім Қажымқанұлы ең қиын кезеңде, дағдарыс жылдарында іскерлік танытты.

Бұл пікірді бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында Елбасы Премьер-Министр лауазымына К.Мәсімов кандидатурасын ұсынғаннан кейін депутат Бауыржан Смайылов білдірді.

«Біз ұлт тағдырын тұлғалар айқындайтынын жақсы білеміз. Керей мен Жәнібек - елдігіміздің нышаны. Тәуке мен Абылай - айбынымыз бен ерік-жігеріміздің айғағы. Ал Нұрсұлтан Назарбаев - баянды тәуелсіздігіміздің, бүгінгі толағай табыстарымыз бен ертеңгі заңғар жеңістеріміздің кепілі», - деп атап өткен халық қалаулысы Мемлекет басшысының барлық бастамаларына қолдау білдіретіндіктерін баса айтты.

«Бүгінгі Үкімет басшысына ұсынып отырған кандидатураңызды мақұлдаймыз. Кәрім Қажымқанұлы ең қиын кезеңде, дағдарыс жылдарында іскерлік танытты. Сіздің экономикалық маңызды талаптарыңызды жүзеге асыра білді. Әлі де осындай деңгейде көрінеді деп ойлаймыз», - деді Б.Смайылов.