Алдымен Көлтоған су қоймасының жағдайымен танысқан аймақ басшысы Жамбыл ауылында орналасқан апатты жағдайдағы №16 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіне барды. 1956 жылы пайдалануға берілген спорт мектебінде 6 жаттықтырушы қызмет етеді, сондай-ақ 149 оқушы жаттығады. Жалпы, мектептің функциональдық мақсаты - жарыс, жаттығу процестерін өткізу болып табылады.
Келесі кезекте аймақ басшысы аталған ауылдағы «Дәмді Себет» азық-түлік дүкендер желісінде болды. Жеке меншік бағытта саттық жасайтын сауда үйінде жалпы 10 мыңнан астам азық-түлік және азық-түлік емес тауарлары сатылады. Тұтынушылардың оң бағасын алған сауда үйінде 40 адам қызмет етеді. Өз кезегінде кондитерлік өнімдер мен «Дока» бірінші сұрыпты бөлке наны дүкеннің 2 қабатындағы наубайханада пісіріледі. Барлық тауарлардың бағалары нарық бағасынан 10-15 % төмен.
Облыс әкімі бастаған жұмыс сапары «№9 Меркі колледжінің» жұмысымен және қосымша жаңа құрылыс жұмыстарымен танысуға ұласты. Ағымдағы жылдың 3 наурызында құрылысы басталған колледжге «AKM Group» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мердігерлік етеді. Желтоқсан айының соңына дейін құрылыс жұмыстары толық аяқталады деп жоспарлануда.
Іс-сапар барысының келесі аялдамасы Сарымолдаев ауылындағы 600 орындық жаңа мектепке ұласып, кәсіпкер Ширван Османовтың жеке тұрғын үй жанындағы қосалқы шаруашылықтың жылыжай шаруашылығымен танысуға ұласты. «ТаразҚұрылысДизаин» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мердігерлік ететін жаңа білім ордасының сметалық құны 1 149 325 910 теңгені құрайды, ал құрылыс жұмыстары осы жылдың шілде айында аяқталған. Ширван Османов иелік ететін жылыжай шаруашылығы өңір басшысының оң бағасын алды. Фермерлік аулада жеміс дақылдарын өсірумен 2 қызметші айналысады. Орташа айлық жалақылары 50 мың теңгені құрайды.
Сондай-ақ, аймақ басшысы, Сұрат ауылдық округіндегі «Сыпатай батыр» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қант қызылшасы алқабымен және тұқым шаруашылығы бағытындағы жұмыстарымен танысуға тоқтады. 1929 жылы құрылған өнеркәсіп орны бүгінде элиталық және көбейтілген тұқым өндіруші шаруашылығымен айналысады. Құрамында барлығы жұмыс жасайтын 150 адамы бар серіктестік, биылғы жылы гектар түсімі 23 центнерді құрайтын 3450 тонна бидай, гектар түсімі 23 центнерден асатын 664 тонна арпа алуды жоспарлауда.
Өңір басшысы келесі кезекте Ойтал ауылындағы «Орталық Азия қант бірлестігі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне атбасын бұрды. Барлығы 555 адам қызмет ететін зауыт 2003 жылы алғашқы өнімін шығарған. Зауытта биылғы жылдың 9 ай қорытындысы бойынша 51 мың 648 тонна шекер өнімдері немесе 9 млрд. 296 млн. 640 мың теңгенің өнімі өндірілді. Алдағы жылдары өнім көлемін ұлғайту жоспарлануда.
Сондай-ақ, Кәрім Көкірекбаев, Т.Рысқұлов ауылындағы «Меркі ет комбинаты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің, ет және сүт бағытында жұмыс жасайтын «Минасип» шаруа қожалығының, «Меркі шипажайы» акционерлік қоғамының жұмысыменде танысты. Ет консервісі, шұжық өнімдерін және ірі қара, қой еттерін экспортқа шығарумен айналысатын комбинат жылына 250 тонна шұжық және 262 мың консерві банкасын шығаруға, сондай-ақ тәулігіне 100-150 бас ірі қара мал, 1000 бас ұсақ мал союға қауқарлы. «Мүйізді ірі қара мал етінің әлеуетін дамыту» кешенді бағдарламасы аясында, 2017 жылға бекітілген жоспар (сиыр еті - 200 т, қой еті - 20 т) бойынша «Меркі ет комбинаты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі биылғы жылдың қаңтар-қыркүйек айларында жалпы 102,7 тонна қой етін экспортқа шығарды. Оның ішінде Бахрейн мемлекетіне 20 тонна және Иран мемлекетіне 83 тонна ет тасымалдады. Сонымен қатар, кәсіпорын 50 млн. теңгеге ет өнімдерін қаптайтын цех орналастырды.
Меркі ауылында орналасқан «Минасип» шаруа қожалығы 1998 жылы алғашқы өнімдерін шығарған. Мүйізді ірі қара малдарын өсірумен айналысатын қожалықта 8 жұмысшы қызмет етеді. «Минасип» шаруа қожалығы өзіндік қаражатпен Ресей мемлекеті Алтай өлкесінен 54 бас сүт-ет бағытындағы симментал тұқымды (бір бас 330 000 мың теңге) барлығы 18 млн. теңгеге асыл тұқымды құнажындар сатып алған. Сонымен қатар, шаруашылық өзіндік қаражатымен 100 басқа арналған жаңа қоражай кешенінің құрылыс жұмыстарын жүргізді және барлық салынған инвестиция көлемі 23,8 млн. теңгені құрады.
Өңір басшысы аралаған «Меркі шипажайы» акционерлік қоғамы 1958 жылы құрылып, 1997 жылы күрделі жөндеуден өткен. Барлығы 206 адам қызмет ететін шипажайда биылғы жылдың 9 айында 7328 адамға қызмет көрсетілкен.
Шипажай жұмысына табыс тілеген облыс әкімі балалар мен жасөспірімдерге арналған «Үміт» сарайына барды. 780 оқушы тәрбиеленетін білім ордасында барлығы 47 адамнан тұратын техникалық қызметкерлер мен мұғалімдер қызмет етеді. Жылу жүйесі көмірмен іске асатын ғимаратқа 2012 жылы күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген.
Айта кетерлігі, облыс басшысы Кәрім Көкірекбаевтың Меркі ауданына жұмыс сапары қорытынды актив жиналысымен тәмамдалды.