Бұл жер түркі өркениетінің тарихымен және қалыптасуымен байланысты.
Тас стеллада ежелгі руна жазбасымен аты аңызға айналған түркі қолбасшысы Тоныкөк туралы хикая жазылған.
VII ғасырдың ортасы мен VIII ғасырдың алғашқы ширегінде өмір сүрген Тоныкөк екінші Түркі қағанатының көрнекті саяси қайраткері болғанын айта кетейік.
Тоныкөк екінші түркі империясын қайта жандандырған Білге қағанмен және Күлтегінмен бірге бірқатар әскери іс-қимылдарға басшылық еткен.
Шығыс түркі қағанаты арасына үзіліс салып 603-744 жылдар аралығында үстемдік еткен. Бұл мемлекеттік құрылым Еуразия халықтарының әлеуметтік және мәдени дамуына елеулі үлес қосты.