Кәрім Мәсімов Алматыда сел жүрген Қарағайлы өзенінің арнасын нығайту жұмыстарын көрді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Бүгін Алматыда ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Наурызбай ауданында Қарағайлы өзенінің арнасын нығайту жұмыстарының барысымен танысты.

Бұл өзен арқылы 2015 жылы жаз мезгілінде сел жүрген болатын.    

Өзенге салынған бөгеттің беріктігін қарау барысында оның маңыздылығы атап өтілді. Өйткені, осы бөгет болмағанда сел қала тұрғындарына орасан зор  залал келтірер еді. 

Сел салдарын жоюға бюджеттен 2,3 млрд. теңге бөлінді.

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Румиль Тауфиковтың айтуынша,

қазіргі таңда бөгет пен Жандосов көшесіне дейінгі аралықта өзен арнасын қалпына келтіру және нығайту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл аралықта өзен арнасының ұзындығы - 7,7 шақырымды құрайды.  

Өз кезегінде Наурызбай ауданының әкімі Сайран Сайфеденов қалпына келтіру және нығайту жұмыстары биылғы жылдың қазан айының басында аяқталатындығын жеткізді.