Күн тәртібінде холдингтің компаниялар тобын одан әрі дамытуға қатысты бірқатар мәселелер қаралды.
Директорлар кеңесі «Бәйтерек» Холдингінің 2014-2018 жылдарға арналған түзетілген Дамыту жоспарын бекітті.
«Дамыту жоспарын түзетудің негізгі себептері Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес 2016-2017 жылдары экономикалық өсімді ынталандыру және жұмыспен қамтамасыз ету бойынша қосымша шараларды жүзеге асыру, тұрғын үй құрылысына кепілдік беру бағдарламасын іске асыру болып табылады», - деп түсіндірді АҚ басқарма төрағасы.
Сондай-ақ директорлар кеңесі Холдингтің 2014-2018 жылдарға арналған Дамыту жоспарын орындау туралы есептерді, 2015 жылға Жылдық бюджетті, 2015 жылға Жылдық есепті бекітті, сонымен қатар ағымдағы бірқатар мәселелерді қарады.