Кәрім Мәсімов еліміздегі өмір сүру сапасының ұлттық стандартын енгізу жұмыстарын жетілдіруді тапсырды
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Министрдің сөзіне қарағанда, еліміздегі өмір сүру сапасының ұлттық стандарты еңбек және халықты әлеуметтік қорғау саясатының негізгі бағыты болмақ. Осы жұмыс аясында қазақстандықтардың өмір сүру деңгейін Еуропа талаптарына дейін көтеріп, халықты жұмыспен қамтудың жаңа үлгісін әзірлеу жоспарланған. Осы жүйенің арқасында 2020 жылға қарай еліміздегі кәсіби мамандардың үлес салмағын 50 пайызға дейін көтеріп, жұмыссыздықтың деңгейін 5 пайызға дейін төмендету көзделген. Ал 2010 жылда енгізілетін қауіп-қатерлерді бағалау жүйесін енгізу арқылы өндірістегі апаттық жағдайларды азайту жоспарланып отыр. Сондай-ақ көші-қон саясатын жаңарту аясында еліміздің солтүстік аймақтарында қоныстанатын оралман қазақтардың санын 50 пайызға дейін жеткізу жоспарда бар. Ал Қазақстанда еңбек етіп жатқан шетелдік еңбеккерлер үш санатқа бөлінеді. «Әлеуметтік көмек беру көлемі де ұлғайатын болады. Осы саладағы төлемдерді халықаралық талаптарға дейін көтеру көзделіп отыр. Осының арқасында 2015 жылға дейін зейнетақы және жәрдемақы көлемі 60 пайызға дейін өседі», - дейді Г.Әбдіхалықова.
ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Бақыт Сұлтанов пен Индустрия және сауда министрі Әсет Исекешевтің айтуынша, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің осы бағыттағы барлық жоспарлары мемлекеттік бағдарламалар аясында қарастырылған мақсат-міндеттермен толықтай байланысып отыр. Осыған орай Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов өмір сүру сапасының ұлттық стандартын енгізу бойынша жоспарланған барлық жұмыстарды жетілдіруді тапсырды.