Кеңес барысында ХҚКО пилотты жобасының тұсаукесері өткізілді. ХҚКО жаңарту және мемлекеттік қызметтерді көрсету және оларды автоматтандыру бойынша бизнесс-процесстерді оңтайландыру шаралары жайлы ақпаратпен Байланыс және ақпарат министрі Асқар Жұмағалиев баяндама жасады. Кеңес барысында сонымен қатар, ХҚКО аясындағы мемлекеттік органдардың өзара ынтымақтастығы мәселелері де талқыға салынды.
Кеңес қорытындысы бойынша Кәрім Мәсімов құзырлы органдарға бірқатар тапсырмалар берді.