Баламалы негізде өткен сайлауда Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайлаушылардың 79,8 пайыз дауысын алып, жаңа жетіжылдық мерзімге Қазақстан Республикасының Президенті болып сайланды. Халық Ұлт Көшбасшысына сенім білдіріп, өз таңдауын жасады. Бұл туралы «Тәуелсіздік туралы 20 дерек» жобасының аясында ҚР Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов Facebook сайтында жазған.
Егемендікке қол жеткізген жиырма жылда өз өміріңізде қандай өзгерістер орын алғаны жайлы, ауылыңызда, қалаңызда 1999 жылы қандай қызықты оқиға болғаны туралы, тәуелсіздіктің сіздің жеке басыңызға қалай әсер еткені туралы жазыңыздар. Жоба аяқталған соң үздік пікір білдіргендерге кәде-сый дайын.
«Тәуелсіздік туралы 20 дерек» жобасымен Facebook, ВКонтакте әлеуметтік желілерінде және Премьер-Министрдің ресми сайтында http://pm.kz/20 таныса аласыздар.