«Мен өзімнің сайтыма кірушілерге халықтық ІРО тақырыбына қатысты өз пікірлерін айту туралы ұсыныс жасадым. Сіздердің ұсыныстарыңыз, күдіктеріңіз мен құрылымдық идеяларыңыз ескеріледі. Өз түсініктемелеріңізді қалдырыңыздар», - деп жазыпты К.Мәсімов.
Үкімет басшысының ойынша, ҚР Президенті ұсынған халықтық ІРО - әрбір қазақстандыққа «ұлттық чемпиондар» - мемлекеттік алпауыт компаниялардың қызметінен қосымша пайда табуға және оның қызметіне жеке араласуға мүмкіндік береді.