Кәрім Мәсімов Қазақстан шахтерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов қазақстандық кеншілер мен еңбек ардагерлерін Шахтерлер күнімен құттықтады.

«Кеншілер мен еңбек ардагерлерін Шахтерлер күнімен құттықтаймын! Еңбектеріңіз жана берсін!» - деп жазды ол өзінің Твиттердегі парақшасында.

Айта кетейік, Қазақстанда шахтерлер күні тамыз айының соңғы жексенбісінде атап өтіледі.