«Астана» ФК жеңісі туралы ҚР Премьер-Министрі өзінің Twitter-аккаунтында жазды.
Карим Масимов ✔ @KarimMassimov
"Астана" ФК @fca_kz және барлық жанкүйерлерді Еуропа Лигасының топтық кезеңіне шығуымен құттықтаймын! Алға #КАZ! #Тәуелсіздікке25жыл
БАТЭ белорус командасымен екі матчтық сайыстың қорытындысы бойынша «Астана» елордалық футбол клубы Еуропа Лигасының топтық кезеңіне шықты. Бірінші сайыста қазақстандық футболшылар БАТЭ командасын 2:0 есебімен жеңді. 2:2 есебімен өткен екінші жауапты матч «Астана» ФК-на ойынды топтық кезеңде жалғастыруға мүмкіндік берді.
УЕФА Еуропа Лигасының топтық кезеңінде жеребе тарту 26 тамызда Астана уақыты бойынша 17:00-де өтеді.