Кәрім Мәсімов Қазақстанның алғашқы астанасындағы тарихи орындарға барды (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов 1920-1925 жылдары Автономиялық Қырғыз КСР астанасы болған тарихи орын Орынборға барды. Автономия қырғыз-қайсақтардан (ол кезде қазақтарды солай атаған) губерниялардан құрылды.

Премьер-Министр Инстаграмдағы парақшасында 1920-1952 жылдары алғашқы қазақ үкіметі орналасқан үй, сондай-ақ I және II жалпы қазақ съездері өткен үйлердің фотосын жариялады.

Сонымен қатар Кәрім Мәсімов Орынбор облысы мемлекеттік мұрағаттағы қазақ тарихына қатысты құжаттармен танысты және Орынбор губернаторлық тарихи-мәдени мұражайда болды.

Бұдан басқа, ол 1913-1918 жылдар кезеңінде көрнекті қазақ ғалымы ағартушысы Ахмет Байтұрсынов тұрған үйде  болды.









]