Кәрім Мәсімов Кеден одағы комиссиясының нәтижелі жұмысын атап көрсетті

МИНСК. 16 наурыз. ҚазАқпарат /Қанат Құлшыманов/ - Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Кеден одағы комиссиясының төтенше нәтижелі жұмысын атап көрсетті.

«Ықпалдастық бірлестіктерде, алғаш рет Кеден одағы аясында, белгілі бір өкілдікке ие жоғары орган пайда болды», - деді Кәрім Мәсімов 15 наурызда Минскіде Үкімет басшылары деңгейінде өткен ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық кеңесінен кейінгі баспасөз мәслихатында.

Қазақстанның Үкімет басшысы, бүгінде Кеден одағының комиссиясы шешімдер қабылдай алатын, сондай-ақ ұлттық үкіметтер аясында тапсырмалар бере алатынын премьер-министрлердің бірінші орынбасарлары деңгейінде жұмыс істейтінін атап көрсетті.

«Менің ойымша, жоғарғы орган өте нәтижелі жұмыс істеуде, ол ұлттық және ықпалдастық мүдделердің арасындағы теңгерімге қол жеткізіп отыр және біздің елдеріміздің экономикалары үлкен пайда көруде», - деді Кәрім Мәсімов өз сөзінде.