Бұл туралы бүгін апталық брифингте ҚР СІМ-нің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлім етті.
«1 желтоқсанда ҚР Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов бастаған ресми делегация Қырғызстан Республикасының жаңа сайланған президенті Алмасбек Атамбаевты ұлықтау рәсіміне қатысады. Ұлықтау рәсімінен кейін ҚР Премьер-Министрінің Қырғыз Республикасының жаңадан сайланған президентімен екіжақты келіссөздері көзделген»,- деді ресми өкіл.