Терроризмге қарсы орталығына (ТҚО) мүше мемлекеттік органдар басшылары және облыс әкімдері лаңкестікті қаржыландыру арналарын анықтау және бейтараптандыру бойынша бірлескен жұмыс тиімділігін арттыру шаралары мен жағдайын қарастырды.
Сондай-ақ кеңес барысында ТҚО-ның ағымдағы жылғы қызметінің нәтижелері қорытындыланды, терроризмге қарсы жалпы мемлекеттік жүйені одан әрі жетілдіру бойынша іс-шаралар енгізілген 2017 жылғы жұмыс жоспары келісілді.