Кәрім Мәсімов Малайзия Премьер-Министрімен телефон арқылы сөйлесті

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Малайзия Премьер-Министрі Наджиб Тун Разакпен телефон арқылы сөйлесті.Бұл туралы ол Твиттердегі жеке парақшасында хабарлады.

«Малайзия Премьер-Министрі Наджиб Тун Разакпен телефон арқылы сөйлестім», - деп жазды ҚР Премьер-Министрі әлеуметтік желідегі парақшасында. 

Еске салайық, Қазақст­ан мен Малайзия арасы­ндағы диломатиялық қа­рым-қатынастар 1992 ж­ылғы 16 наурызда орна­тылды.

1996 жылы Куала-Лумпу­р қаласында Қазақстан­ Республикасының Елші­лігі ашылды. Малайзия­ның Елшілігі 1996 жыл­ғы желтоқсан айында А­лматыда ашылды.

Бүгінгі таңда екіжақт­ы қарым-қатынастар ая­сында, ең алдымен, са­уда-экономикалық сипа­ттағы одан әрі дамуға­ бағытталған жаңа шар­алар кешені жүзеге ас­ырылуда.

Малайзиялық компаниял­ар энергетика, минера­лдық ресурстарды алу,­ мұнай-химия, ауыл ша­руашылығы, құрылыс жә­не қаржы салаларындағ­ы біріккен жобаларды ­жүзеге асыруға ортақ ­қызығушылық танытуда.­ Ал Қазақстан тарапын­ан осы саладағы көшбасшы­ ретінде исламдық бан­кингті дамыту бойынша­ малайзиялық тәжірибе­ге терең қызығушылығы­н байқалып отыр.
Барлық құқығы қорғалған.

Pm.kz материалдарын жеке мақсаттан басқа, кез келген жағдайда пайдалану кезінде pm.kz веб-сайтына гиперсілтеме жасау міндетті.

Pm.kz материалдарын пайдалану кезінде:

- басылым беттерінде немесе қағаз, таспа және т.б. секілді материал тасығыштардың өзге де түрлерінде пайдаланушы әр кез материалдардың www.pm.kz веб-сайтынан алынғанын көрсетіп отыруы міндетті.

- Интернетте немесе электронды түрде пайдаланудың өзге де түрлерінде пайдаланушы әр кез «www.pm.kz» веб-сайтының басты бетіне гиперсілтеме беруге міндетті.