Кәрім Мәсімов металлургтерді мерекесімен құттықтады

АСТАНА.ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов металлургтерді мерекесімен құттықтады.

«Жұмыскерлер мен еңбек ардагерлерін Металлургтер күнімен құттықтаймын! Елімізді индустрияландыру жолындағы еңбектеріңіз жана берсін!», деп жазды Үкімет басшысы Твиттердегі жеке парақшасында.