Кәрім Мәсімов пен «Шеврон» корпорациясының өкілі Джей Джонсон қазақстандық кен орындарын әзірлеу мәселелерін талқылады

АСТАНА. Қазанның 21-і. ҚазАқпарат - Сәрсенбі күні Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтың «Шеврон» («Chevron») корпорациясы еуразиялық бөлімшесінің басқарушы директоры Джей Джонсонмен кездесуі болды,

деп хабарлайды ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі.

 Кездесу барысында қазақстандық кен орындарын әзірлеу мәселелері және түрлі инфрақұрылымдық жобаларға «Шеврон» корпорациясының қатысуы талқыланды.

 Үкімет басшысы корпорацияның Қазақстандағы қызметіне оң баға берді.