Кәрім Мәсімов теракті салдарынан қаза болған ақтөбеліктердің отбасыларында болды
12:54, 15 Маусым 2016
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Ақтөбе облысына жұмыс сапары кезінде 2016 жылғы 5 маусымдағы лаңкестік актісі кезінде қаза тапқан Мерхан Тәжібаевтың, Михаил Матросовтың, Николай Онищенконың және Андрей Максименконың отбасыларында болып, көңіл айтты.
Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі хабарлады.