Каримовтың денесі ұшақпен Самарқандқа жіберілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Өзбекстанның тұңғыш президентінің денесі ұшақ арқылы Ташкенттен Самарқандқа аттандырылды. Мемлекет басшысы сол жерде жерленеді, деп хабарлады ресейлік РИА Новости агенттігі.

Еске сала кетсек, ел билігі Өзбекстан басшысының қайтыс болғанын ресми кеше хабарлаған еді. Ислам Каримовты жерлеу рәсімі бүгін Самарқандта өтеді. Елде үш күнге созылатын қаралы күн жарияланған. Өзбекстан Президентінің денесін бүгін таңертең Ташкент көшелерімен ақтық сапарға алып өтті. Қала тұрғындары көшенің екі жағына сапқа тұрып Мемлекет басшысымен қоштасты.