Қарин басқаратын институт озық аналитикалық орталықтардың қатарына қосылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты әлемдегі 6  мыңнан аса аналитикалық институт  мен орталықтардың арасында  Топ-150 орталықтың қатарына қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры Ерлан Қарин Фэйсбук әлеуметтік желісінде жазды . 

«Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты әлемдегі ең үздік аналитикалық орталықтардың  қатарына қосылып, «қауіпсіздік пен қорғаныс» категориясында өз позициясын жақсартты. Аналитикалық орталықтардың бүкіләлемдік индекс-рейтингісінің 2016 жылғы қорытындысы бойынша, ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер орталығы әлемнің 6 мыңнан аса аналитикалық институттары мен орталықтарының арасында тұңғыш рет ТОП-150 орталықтың қатарына қосылды. Бұрын институт жаһандық рейтингте тек жекелеген категориялар мен бағыттар бойынша орын алып жүрген»,-деп жазды Е.Қарин.

Аналитикалық орталықтарының бүкіләлемдік рейтингісін Пенсильвания университетінің «Аналитикалық орталықтар мен азаматтық қауымдастық» атты зерттеу бағдарламасы жүргізеді.