Карина Ибрагимова Азия ойындарында күміс жүлдегер болды
17:27, 05 Қазан 2023
Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында боксшы Карина Ибрагимова күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Әлем чемпионатының үш дүркін жүлдегері К.Ибрагимова финалда тайбэйлік Тин Ю Линьмен қолғап түйістірді.
Соңғы бәсекеде тайбэйлік боксшы төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңіске жетті.
Осылайша Карина күмісті қанағат тұтты.
Бүгін сондай-ақ Қамшыбек Қоңқабаев аса ауыр салмақта олимпиада чемпионы, өзбекстандық Баходир Жалоловпен алтынды сарапқа салады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Қазақстан қоржынына тағы екі медаль түскенін жазған болатынбыз.