Карина Ибрагимова Париж Олимпиадасында трансгендер спортшылармен жұдырықтасуы мүмкін

Фото: Фото: Kazinform/ CNA/ iba.sport

АСТАНА. KAZINFORM — Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) әйелдер боксы бойынша 57 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін екі трансгендер спортшыға 2024 жылғы Париж Олимпиадасына  қатысуға рұқсат берді.

Бұл салмақта қазақстандық спортшы Карина Ибрагимова шаршы алаңға шығады. Британдық theguardian.com журналистері қытайлық Тайбэй өкілі Линь Юй-тин гендерлік сәйкессіздік пен тестостерон деңгейінің жоғары болуына байланысты 2023 жылғы әйелдер арасындағы әлем чемпионатынан шеттетілді деп хабарлады.

Ол кезде Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) мұндай себеппен спортшыны жарысқа жібермеуді жөн деп санаған. Алайда Париждегі Олимпиада ойындарын IBA емес, ХОК ұйымдастырады. ХОК-та бұл мәселе «жан-жақты қаралғаннан» кейін олар трансгендерлердің жарысқа қатысуын әділеттіліктің көрінісі деп шешті.

Тайбэй боксшысынан басқа алжирлік трансгендер – Имен Хелиф Олимпиадада өнер көрсетпек. Сондықтан спортшымыз Карина Ибрагимова осы боксшылармен кездесуі мүмкін.