Кәріс этносының дәстүрлі ансамблі қысқы Универсиадаға арналған концерт өткізді - Қызылорда

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордадағы Асқар Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде «Pyeongchang Olympic Culture Concert» атауымен концерт өтті.

Кештің қонағы кәріс этносының дәстүрлі ансамблі «Норым Мачи» болды. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі облыстық ассамблеяға сілтеме жасап хабарлады.

 

 Аталмыш шара Корея Республикасы елшілігіндегі Корей мәдениеті орталығының ұйымдастыруымен және «Қызылорда облыстық корейлер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің қолдауымен 2018 жылы Пхёчханде болатынқысқы олимпиадалық ойындар мен 29 қаңтарда Алматыда басталатын Бүкіләлемдік қысқы Универсиаданың құрметіне өткізілді.

 

Салтанатты кеште «Қызылорда облыстық корейлер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Елена Ким сөз сөйледі. Жиналған қауымның құрметіне самульнор - көне соқпа музыкалық құралдарында сиқырлы әуен ойналып, пансори - халықтық әні орындалды.

Айта кететіні, кәріс халқының дәстүрлі ансамблі «Норым Мачи» 1993 жылы құрылған. Ансамбль бүгінгі күнге дейін  170 қала мен 50 елде өнер көрсетті.