Кәріс ұлтының өкілдері Қазақстанды құрмет тұтады

None
ОРАЛ. Маусымның 19-ы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында кәріс ұлтының мыңнан астам өкілдері тұрады.

Бұл туралы Қазақстан кәрістері қауымдастығы БҚО филиалы облыстық ішкі саясат басқармасымен бірлесіп өткізген «Қазақстанның біртұтас халқының құрамына енетін ұлттың көрнекті тұлғалары» атты ғылыми-тәжірибелік конференцияда айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Өңірдегі ұлттық-мәдени орталықтар өкілдері, студент жастар қатысқан жиында аталмыш қауымдастық облыстық филиалы төрағасының орынбасары Владимир Хон елімізде бейбітшілік пен тұрақтылық, этносаралық келісімнің қазақстандық үлгісі жасалғанын атап өтті. Қазақстанда тұратын кәріс ұлты өкілдерінің өз тілін үйреніп, салт-дәстүрін ұстануына барлық жағдай жасалған. Конференцияда кәрістердің ұлы тұлғасы Хон Бо Доның Қазақстанға жер аударылып, Қызылорда қаласында тұрған кезеңі туралы да айтылды.