«Алматыметрополитен» МКК баспасөз қызметінен хабарлағандай, Халықаралық қарттар күніне орай 26 қазанда зейнеткерлер метро қызметін 1 күнге тегін пайдаланатын болады. Қариялар зейнеткерлік құжаттары мен жеке куәліктерін алып жүруі тиіс.
Бұл күні метро қызметін 2 мыңға жуық қарт пайдаланады деген болжам бар.
Қарттар күні 1991 жылдан бері 1 қазанда тойланып келеді. Айдың басында басталған мерекелік шаралар Алматыда жалғасын тауып келеді. Атап айтқанда, Қарттар күніне орай мерекелік концерттер, қайырымдылық шаралары өтіп жатыр.