«Біз ауылдың ақсақалдары мен ақ жаулықты аналары жас та болса, бір қауым елге бас болып келген жаңа әкіміміз Сабырбек Мусинге дән ризамыз. Ол келгелі Сарыөмір ауылдық округінде әлеуметтік салаға жан бітті», - дейді ауыл тұрғындары.
Ардагер мұғалімдер мен ауыл ақсақалдары үшін арнайы қой сойылып, мерекелік дастарқан жайылды. Сонымен қатар, осындай үлкен құрмет «Нәбия» кафесінде көрсетілді. Шара барысында туған жер, ата-ана, Отан тақырыптарында әндер шырқалып, би биленді.
Оған жиналған ақсақалдар осынау тамаша шараны өткізуге белсене атсалысып, демеушілік еткен мектеп директоры Шәрапи Шотановқа және осындағы шаруа қожалықтарының жетекшілері мен жеке кәсіпкерлерге алғыс айтты.