Тегеранда (Иран) болған келеңсіз оқиға көшеге орнатылған видеокамераға түсіп қалған. Жарылыс кінәліні ұшырып жіберген. Кадрда оның еңбектеген күйі жарылыс болған жерден кетуге әрекеттенгені көрініп тұр.
Бұл роликті алдымен Twitter пайдаланушысы өз аккаунтында жариялаған. Сондай-ақ ол темекі мен оның тұқылын кәріз құдығына тастау өте қауіпті екендігін де қоса жазған.