«Қарызсыз қоғам»: Халықтың 85%-ында несие бар

АСТАНА. KAZINFORM – Халықтың қаржылық сауатын арттыруға бағытталған «Қарызсыз қоғам» жобасы жарты жылдағы аралық нәтижесін жариялады. Бұл уақытта 54 мыңнан астам адам жаңа білім алды және банкроттық рәсімдеу, алаяқтық фактілерін анықтау, бизнес-жоспар жазу, жұмысқа орналасу бойынша көш бастап тұрған облыстар анықталды.

Фото: Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі