Қарқаралы тауларында адасып кеткен туристер құтқарылды

Фото: видеодан алынған скрин

АСТАНА. KAZINFORM - Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында, Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында, үш туристі іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізілді.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, олар бүгін таңертен серуендеу үшін тауға көтеріліп, адасып кеткен.

Таулы аумақты қарау үшін құтқарушылар ұшқышсыз ұшу аппаратын қолданды.

- ТЖМ іздестіру тобы туристерді Қарқаралы қаласынан 8 шақырым қашықтықтағы таулы жерде тапты. Оларға медициналық көмек қажет болмады, - делінген хабарламада.

Осыған дейін алматылық құтқарушылардың тауда аяғын жарақаттап алған әйелді эвакуациялағаны туралы жаздық.